АО Kaspi.kz

12.12.2018

Kaspi.kz акционерлік қоғамы акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдер туралы хабарлайды.

Акционерлердің Кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілген күні, уақыты және орны:

2018 жылғы «07» желтоқсан, жергілікті уақытпен сағат 10-00-де, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Акционерлік қоғамның акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер:

  1. Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. Kaspi.kz АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы;
  3. Kaspi.kz АҚ-тың жарияланған орналастырылмаған акцияларының түрін өзгерту туралы.

Акционерлік қоғамның акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдер:

1) Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

Күн тәртібі:

  1. Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. Kaspi.kz АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы;
  3. Kaspi.kz АҚ-тың жарияланған орналастырылмаған акцияларының түрін өзгерту туралы.

                   
    Дауыс беру қорытындысы
    «Жақтағандар» – 141 180 000 дауыс.
    «Қарсы болғандар» – жоқ.
    «Қалыс қалғандар» – жоқ.

2) жаңа редакцияда бекіту арқылы Kaspi.kz АҚ-тың Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.

Дауыс беру қорытындысы
«Жақтағандар» – 141 180 000 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ.
«Қалыс қалғандар» – жоқ.

3) Kaspi.kz АҚ-тың саны 10 500 000 (он миллион бес жүз мың) дана жарияланған орналастырылмаған артықшылықты акциялары, ҰБН KZ1P59850118, 1:1 арақатынасымен Kaspi.kz АҚ-тың жай акцияларын өзгертілсін.

Kaspi.kz АҚ-тың Акциялар шығарылымының проспектісіне, Kaspi.kz АҚ-тың Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебіне тиісінше өзгерістер енгізілсін. Н.Р. Чинтаевқа Kaspi.kz АҚ-тың Акциялар шығарылымының проспектісіне, Kaspi.kz АҚ-тың Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебіне енгізілетін өзгерістерге қол қоюға уәкілеттік берілсін. Қоғамның Басқарма Төрағасына «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-та Kaspi.kz АҚ-тың Акциялар шығарылымының проспектісіне және Kaspi.kz АҚ-тың Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебіне енгізілетін өзгерістерді тіркеу, сондай-ақ акциялардың түрін өзгерту операциясын тіркеу тапсырылсын.

Дауыс беру қорытындысы

«Жақтағандар» – 128 587 395 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ.
«Қалыс қалғандар» – 12 592 605 дауыс.