АО Kaspi.kz

27.11.2018

Kaspi.kz акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдер туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілген күні, уақыты және орны:

2018 жылғы 26 қараша, жергілікті уақытпен сағат 10-00-де, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Акционерлік қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:

  1. Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін анықтау, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің сыйақсының мөлшерін айқындау туралы;
  3. Kaspi.kz АҚ-тың Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы;
  4. Қоғам сатып алған кезде Kaspi.kz АҚ акцияларының құнын анықтау әдістемесіне өзгерістерді бекіту туралы;
  5. Kaspi.kz АҚ-тың орналастырылған артықшылықты акцияларын Kaspi.kz АҚ-тың жай акцияларына айырбастау, мұндай айырбастаудың талаптарын, тәртібін және рәсімін айқындау туралы.

Акционерлік қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдер:

  1. Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

    Күн тәртібі:

    1. Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
    2. Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің сыйақсының мөлшерін айқындау туралы;
    3. Kaspi.kz АҚ-тың Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы;
    4. Қоғам сатып алған кезде Kaspi.kz АҚ акцияларының құнын анықтау әдістемесіне өзгерістерді бекіту туралы;
    5. Kaspi.kz АҚ-тың орналастырылған артықшылықты акцияларын Kaspi.kz АҚ-тың жай акцияларына айырбастау, мұндай айырбастаудың талаптарын, тәртібін және рәсімін айқындау туралы.

    Дауыс беру қорытындысы:
    «Жақтағандар» – 104 092 320 дауыс.
    «Қарсы болғандар» – жоқ.
    «Қалыс қалғандар» – жоқ.

  2. Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерінің сандық құрамы 3 (үш) адам, өкілеттік мерзімі – 5 жыл болып айқындалсын. Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Диденко Юрийдің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Ким Вячеслав Константинович Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын. Директорлар кеңесінің мүшелері өз функцияларын сыйақы төленбей жүзеге асырсын.

    Дауыс беру қорытындысы:
    «Жақтағандар» – 104 092 320 дауыс.
    «Қарсы болғандар» – жоқ.
    «Қалыс қалғандар» – жоқ.

  3. Kaspi.kz АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және олар 2018 жылғы 30 қарашадан бастап қолданысқа енгізілсін. Қоғамның Корпоративтік хатшысы Н.Р.Чинтаевқа Қоғамның Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қол қою, оларды нотариатта куәландыру және енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлау тапсырылсын.

    Дауыс беру қорытындысы:
    «Жақтағандар» – 104 092 320 дауыс.
    «Қарсы болғандар» – жоқ.
    «Қалыс қалғандар» – жоқ.

  4. Жаңа редакцияда бекіту арқылы Қоғам сатып алған кезде Kaspi.kz АҚ акцияларының құнын анықтау әдістемесіне өзгерістер бекітілсін.

    Дауыс беру қорытындысы:
    «Жақтағандар» – 104 092 320 дауыс.
    «Қарсы болғандар» – жоқ.
    «Қалыс қалғандар» – жоқ.

  5. Kaspi.kz АҚ-тың орналастырылған артықшылықты акцияларын Kaspi.kz АҚ-тың жай акцияларына келесі талаптарда айырбасталсын:

    • Айырбастау 1:1 пропорциясында (1 артықшылықты акция 1 жай акцияға) жүзеге асырылады;
    • Қоғамның тіркеушісінде айырбастауды тіркеу Қоғамның бұйрығының негізінде уәкілетті орган Акциялардың шығарылымы проспектісіне және Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді тіркегеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады;
    • Айырбастау мерзімі: 26.11.2018 ж. бастап Қоғамның тіркеушісі Қоғамның акцияларды айырбастау туралы бұйрығын орындаған күнге дейін.
    • Kaspi.kz АҚ-тың акциялар шығарылымының проспектісіне, Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке тиісінше өзгерістер енгізілсін. Н.Р. Чинтаевқа Kaspi.kz АҚ-тың акциялар шығарылымының проспектісіне, Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке және қажет болған жағдайда өзге құжаттарға тиісінше өзгерістерге қол қоюға уәкілеттік берілсін. Қоғамның Бас директорына Kaspi.kz АҚ акцияларының шығарылымы проспектісіне және Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді, Kaspi.kz АҚ-тың орналастырылған артықшылықты акцияларын Kaspi.kz АҚ-тың жай акцияларына айырбастау туралы қабылданған шешімді орындау аясында қажет акцияларды айырбастау операциясын «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-та тіркеу тапсырылсын.

    Дауыс беру қорытындысы:
    «Жақтағандар» – 104 092 320 дана жай акция.
    «Қарсы болғандар» – жоқ.
    «Қалыс қалғандар» – жоқ.

    «Жақтағандар» – 42 000 000 дана артықшылықты акция.
    «Қарсы болғандар» – жоқ.
    «Қалыс қалғандар» – жоқ.