АО Kaspi.kz

17.07.2018

Kaspi.kz акционерлік қоғамы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдер туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілген күні, уақыты және орны:

2018 жылғы 09 шілде, жергілікті уақытпен сағат 12-00-де, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А».

Акционерлік қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:  

  1. Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. Kaspi.kz АҚ-тың жарияланған акцияларының санын көбейту туралы;
  3. Kaspi.kz АҚ-тың жарғысына өзгерістерді бекіту туралы;
  4. Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы;
  5. Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесіне және Қоғам сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне өзгерістерді бекіту туралы;
  6. Kaspi.kz АҚ-тың қызметі туралы ақпаратты өз акционерлеріне берудің тәртібі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы.

Акционерлік қоғамның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдер:


1) Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі бекітілсін:

Күн тәртібі:

  1. Kaspi.kz АҚ-тың акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. Kaspi.kz АҚ-тың жарияланған акцияларының санын көбейту туралы;
  3. Kaspi.kz АҚ-тың жарғысына өзгерістерді бекіту туралы;
  4. Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы;
  5. Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесіне және Қоғам сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне өзгерістерді бекіту туралы;
  6. Kaspi.kz АҚ-тың қызметі туралы ақпаратты өз акционерлеріне беру тәртібі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы.

Дауыс беру қорытындысы:
«Жақтағандар» – 1 499 999 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ.
«Қалыс қалғандар» – жоқ.

2) 1:105 пропорциясында ұсақтау есебінен Kaspi.kz АҚ-тың жарияланған акцияларын саны көбейтілсін және сөйтіп Қоғамның жарияланған жай акцияларының саны 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) данадан 157 500 000 (жүз елу жеті миллион бес жүз мың) данаға дейін және Қоғамның артықшылықты акцияларының саны 500 000 (бес жүз мың) данадан 52 500 000 (елу екі миллион бес жүз мың) данаға көбейтілсін. Соның нәтижесінде Қоғамның жариялаған акцияларының жалпы саны 210 000 000 (екі жүз он миллион) дананы құрайды, соның ішінде 199 500 000 (жүз тоқсан тоғыз миллион бес жүз мың) жарияланған акция.

Kaspi.kz АҚ-тың Жарғысына, Kaspi.kz АҚ-тың акциялар шығарылымының проспектісіне, Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке және қажет болған жағдайда өзге құжаттарға тиісінше өзгерістер енгізілсін.

Н.Р. Чинтаевқа Kaspi.kz АҚ-тың Жарғысына, Kaspi.kz АҚ-тың акциялар шығарылымының проспектісіне, Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке және қажет болған жағдайда өзге құжаттарға тиісінше өзгерістерге қол қоюға уәкілеттік берілсін. Қоғамның Жарғысына өзгерістер енгізілгені туралы әділет органдарына хабарлауға, акцияларының шығарылымы проспектісіне Қоғамның акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді тіркеуге, Қоғамның жарияланған жай және артықшылықты акцияларының санын көбейту туралы қабылданған шешімді орындау аясында қажетті эмитенттің «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-тағы дербес шоты бойынша операциялар жүргізуге уәкілеттік берілсін.

Дауыс беру қорытындысы:

«Жақтағандар» – 1 499 999 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ.
«Қалыс қалғандар» – жоқ.

3) Қоғамның Жарғысына өзгерістер енгізілсін. Н.Р. Чинтаевқа Жарғыға енгізілетін өзгерістерге қол қоюға, оларды нотариатта куәландыруға және әділет органдарына хабарлауға уәкілеттік берілсін.

Дауыс беру қорытындысы:
«Жақтағандар» – 1 499 999 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ.
«Қалыс қалғандар» – жоқ.

4) Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.

Дауыс беру қорытындысы:
«Жақтағандар» – 1 499 999 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ.
«Қалыс қалғандар» – жоқ.

5) Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесіне және Қоғам сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізілсін.

Дауыс беру қорытындысы:
«Жақтағандар» – 1 499 999 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ.
«Қалыс қалғандар» – жоқ.

6) Kaspi.kz АҚ-тың қызметі туралы ақпаратты өз акционерлеріне беру тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.

Дауыс беру қорытындысы:
«Жақтағандар» – 1 499 999 дауыс.
«Қарсы болғандар» – жоқ.
«Қалыс қалғандар» – жоқ.