АО Kaspi.kz

08.06.2018

Kaspi.kz акционерлік қоғамы АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Атқарушы органның толық атауы: Kaspi.kz акционерлік қоғамының Бас директоры
Атқарушы органның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А»

Kaspi.kz акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы «13» мамырдағы № 415-ІІ Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 37-бабының 2-тармағына және 41-бабына сәйкес жиналысты шақыру бастамашысы ретінде 2018 жылғы «09» шілдеде жергілікті уақытпен сағат 12-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында Kaspi.kz АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жалпы жиналысы) өтетінін хабарлайды.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеу жиналыс өтетін жерде жергілік уақытпен сағат 11-30-да басталып, жергілікті уақытпен сағат 12-00-де аяқталады.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болу керек.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға қоғамның дауыс беретін оған тиесілі акцияларын иеліктен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге өтеді. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар берілуі керек. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 2-тармағына сәйкес акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы 2018 жылғы «10» шілдеде жергілікті уақытпен сағат 12-00-де 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында қайта өткізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасау күні – 2018 ж. «08» маусым.

Күн тәртібі:

  1. Kaspi.kz АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  2. Kaspi.kz АҚ Жарғысына енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы;
  3. Kaspi.kz АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы;
  4. Орналастырылған акцияларды сатып алу ережесіне енгізілген өзгерістерді және акцияларды қоғам сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесін бекіту туралы;
  5. Kaspi.kz АҚ қызметі туралы ақпаратты өз акционерлеріне беру тәртібі туралы ережеге енгізілетін өзгерістерді бекіту туралы.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 44-бабының 4-тармағына сай күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысу үшін 050013, Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі, 154 «А» мекенжайында жиналыс өткізілетін күнге дейін он күн бұрын дайын әрі қол жетімді болады. Жалпы жиналысты өткізуге қатысты ақпаратпен Kaspi.kz АҚ Заң қызметінде, +7 (727) 356 06 27 телефоны арқылы танысуға болады.

Жалпы жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 48-бабына сәйкес тәртіппен өткізіледі.

Жиналыста сырттай дауыс беру қолданылмайды.