АО Kaspi.kz

23.10.2015

Инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабар.

«kaspi» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам), Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050013, Наурызбай батыр к-сі, 154 А мекенжайында орналасқан, Қоғамның жалғыз акционердің артықшылықпен сатып алу құқығынан жазбаша бас тартуын алуына байланысты бір жай және бір артықшылықты акция үшін 68 500 теңгені құрайтын бағамен өзінің саны 400 000 (төрт жүз мың) дана артықшылықты акциясын және 1 (бір) жай акциясын (акция шығарылымының мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі: 13.11.2014 жыл № А5985) инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыратынын хабарлайды. Акциялардың көрсетілген мөлшері инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жазылу жүргізу арқылы бірыңғай акциялар пакетімен орналастырылады. Қоғам акциялар пакетін сатып алуға өтінімдерді 2015 жылғы 02 қарашада (Астана қ. уақытымен) сағат 12.00 минуттан бастап 2015 жылғы 03 қарашада (Астана қ. уақытымен) сағат 12.00 минутқа дейін Қоғамның орналасқан жері бойынша қабылдайды. Қоғаммен жазылу шартын жасасқан инвестор 2015 жылғы 11 қарашаға дейін акциялар пакетінің құнын толық төлеуі керек. Қоғамның Бас директорына хабарласып, акциялардың шығарылым проспектісімен немесе өзге ақпаратпен танысуға болады.